Плутоногенді гидротермалды кенорындарының жаралу жағдайлары
Работа добавлена: 2016-07-27





Плутоногенді гидротермалды кенорындарының жаралу жағдайлары

Плутоногендік гидротермалық кенорындар қышқылды, біршама қышқылды жөне біршама сілтілі магмалық таужыныстармен кеңістікте және генетикалық байланыста. Кендену тік бағытта 1-2 км тереңдікте дамып, жақсы үстамдылығымен ерекшеленеді. Кен денелері қуыстарды толтыру немесе метасоматоз жолымен қалыптасады. Олардың пішіні сыйыстырушы таужыныстар мен тектоникалық қүры- лымдарга байланысты болып, эр түрлілігімен сипаттала- ды. Изометрлі, жалпақ және қүбыр пішінді үйлесімді және үйлесімсіз типті жатындар белгілі.

Плутоногендіктерге кенорындардың мынадай типтері жатады: алтын-кварцты, вольфрамит-молибденит-кварц- ты, касситерит-кварцты, никель-кобальт-арсенитті, мо- лиденит-халькопиритті (мысты порфирлік), галенит- сфалеритті, алтын-сульфидті, касситерит-силикат-суль- фидті, талькгі, магнезитті, хризотил-асбестті, флюоритті және киноварь-антимонид-кварцты..

Алтьш-кварцты кенорындар. Олар көбінесе дайкалар сериясына жалғасқан гранитоид массивтерімен байланысты. Бүл типкеОрал (Кочкар), Орта Азия (Мүрынтау), Сібір (Коммунар, "Советский" кеніші), Швеция (Болиден), Үндістан (Колар), Мали, Конго, Австралия (Бендиго), Канада мен Бразилиядағы кенорындар жатады.

Вольфрам молибденит-кварцты кенорындар күрт еңіс жатысты желілерден, қүбыр тэрізді денелер мен секпілді кеннің штокверг белдемдерінен түрады. Олар гранитоид күмбездерінде және олардың сыртқы жапсар белдемдерінде орналасады. Бүл типті кенорындар Қазақстанда (Шалқия, Жогаргы Қайрақты) ЖӘНӨ Ресейдегі Забайка- льеде (Джида, Белуха, Букука, Шактама) бар.

Касситерит-кварцты кенорындаргранит интрузия- ларының сыртқы жапсарындағы қүмтас пен тақтатас- тар арасында жатады. Секпілді, желішікті және шом- бал кен толтыру желілерін, кенденген белдемдер мен штоквергтер, қүбыр тэрізді денелер жасайды.

Никель-кобальт-арсенид кенорындары скарндалған эффузиялық-шөгінді таужыныстарда орналасқан. Сек- пілді кен үялар мен линзалар жасайды, ал шомбал кен күрт еңіс орналасқан желілерді толтырады.Бүл типтің мысалдарына Ховуаксы (Тыва Республикасы, Ресей) мен Кобальт (Канада) кенорындары жатады.

Молибденит-халькопирит (мыс-порфир) кенорындарыпорфир қүрылымды, магмалық гранитоид дөңестері ма- ңында шашыранды кендену штоквергтері мен желішікті- секпілді белдемдер қалыптастырады. Кенорындардың бүл типі Қазақстанда (Қоңырат), Өзбекстанда (Қалмақыр), Арменияда (Кад- жаран, Агарак) дамыған. Ірі кенорындар АҚШ (Бин- гем, Кляймакс),Касситерит-силикат-сулъфид кенорындары қүмтас- та, тақтатастарда, әктастарда, эффузивтерде, гранитоид массивтерінің сыртқы жапсар белдемдерінде, жарылым- дармен брекчиялыбелдемдербойында орналасады. Кенорындардың бүл типі Забайкальеде (Хапчеранга), Саха Республикасында (Эге- Хая, Депутатское),

Галенит-сфалерит (полиметалл) кенорындары. қышқылды және негізді эффузивтерде, олардың туфында, метаморфтық тақтатастарда, қышқылды және қышқыл- дау гранитоид массивтерінің сыртқы жапсарында орналасады.. Сипатталған типті кенорындар белгілі жерлер: Кавказ (Садон, Згид, Холст), Забайкалье (Нерчинск тобы), Германия (Фрайберг), Чехия (Пршибрам), Болгария (Мадан, Руен), Үндістан, Мьянме (Боудвин), АҚШ (Тинтик), Канада.

Алтын-сульфид кенорындары көбінесе гранитоид массивтерінің өзінде немесе олардың жабынындагы таужыныстарда орналасады. Кен денелері негізінен желі пішінді болады. Бүл типті кенорындар да- мыған жерлер: Қазақстан (Степняк), Орал (Березовское), Забайкалье (Дарасун), Батые Сібір (Берикуль, Сара- линск), Австралия, АҚШ (Аналық желі), Канада.

Хризотил-асбест кенорындарысерпентинденген ультранегізді таужыныстармен байланысты. Оларға жиектік желілі ірі жатындар, ірі жөне үсақ желішіктер торы, жекелеген желілер тән. Бүл типті кенорындар таралған жерлер: Орал (Баженов, Алапаевск), Қазақстан (Жітіғара), Тыва Республикасы (Актоврак), Забайкалье (Молодежное), сонымен қатар Зимбабве (Ша- бани, Машаба), ОАР (Нью-Аминтус), Канада (Джефри, Блек-Лейк).

2/Жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау салалары.

Жер қойнауын қорғау жергілікті тұрғындар өмірі мен денсаулығын қорғау, пайдалы қазбаларды үнемді және комплексті пайдалану, ландшафтық табиғи жағдайын сақтау, жер қойнауын беткі бөлігінде жер сілкіністерін, опырмалар, грунт отыруын болдырмау үшін оның энергетикалық қалпын сақтау сыяқты іс-шаралар жүйесінен тұрады.

Жер қойнауын пайдалану операциялары кезіндегі қолданылатын экономикалық талаптарға мыналар жатады.

- жер бетін сақтау;

- жер техногендік шөлейттенуін болдырмау;

- бұзылған және бөлінген жер аумақтарын азайту;

- топырақты жел эрозиясынан, аршылымдық үйіндісінен өндіріс қалдықтарынан, олардың тотығуынан және өзі бетінен жанудан сақтау, болдырмау

- ауыз су горизонттарын улы сулардан қорғап қалу;

- жер асты суларының сарқылуы мен ластануын болдырмау;

жуғыш ерітінділерді даярлауда улы емес реагенттерді қолдау;

бұрғылау ерітінділерін тазалау мен қайталап пайдалану;

-қалдықты бұрғылау мен жанар-жағармайлар материалдарын экологиялық қауіпсіз жолмен жою.

- мұнай кәсіпшілігі қалдық ағындысын тазалау мен қайталап пайдалану.

Мемелекеттен бақылау жер қойнауын пайдалану кезінде үнемі жүргізіліп техникалық қауіпсіздік және өнеркәсіптік санитарлық нормалар уәкілдік атқарушы арнайы органдар көмегімен іске асырылады.

Оларға жататындар:

1) Төтенше жағдайлар министрлігі: Міндеттері

- жобалау-сметалық құжаттарды сараптау, оның ішінде кенорынын игерудің техникалық жобасы (тас көмір мен таукен рудалы өнеркәсібі, мұнай-газдылық, геологиялық барлау ж.т.б) (Геолого-маркшейдерлік бақылау);

- құрылыс нысаналары алаңын таңдау комиссиясы қатынасады;

- тау-кен жұмыстары даму жобасын қайта келісуге қатынасуға;

- пайдалы қазбаны өндіруге байланысты жұмыстардың барлық түрлерін келісімдеуге;

-барлық мақсатты ұңғымаларды консервациялауға жабуға даярлық жұмыстарына әдістемелік көмек пен консультациялар беру;

- ұңғымаларды басқа горизонттарға көшіру материалдарын жасақтауға кеңес беру;

- өндіріс орыны балансындағы көмірсутегі шикізаты қорын................

- мұнай-газ, Газкондексаты кенорындарын материалдарын сараптау және оларды игеруге даялау үшін кеңес беру

- мұнай газқұбырлары нысаналарын тексеру;

- іске қосылатын нысаналарды тексеру

2)Санитарлық-эпидемиологиялық қызметөндіріс орындары, басшылары, жеке қызметкер-лердің санитарлық тәртібі мен нормаларын орындауды бақылау, жағдайсыз факторлар болдырмаудың жолдарын қарастыру:

3) Экологиялық бақылау тексереді:

- кенорынына тартылған жолды;

- табиғаттың органикалық әлемін;

- жанармайдың сақталуы мен тасымалдануын;

- қалдықтарды утилдеуді;

- жер бедерінің табиғи қалпының сақталуын ж.т.б.

3/ Пайдалы қазбалар қорларының барлану дәрежесіне қарай жіктемесі.

4/ Іздеу-бағалау жұмыстарының мақсаты,міндеті ж/е нысандары.

Іздеу–бағалау жұмыстары анықталған потенциалды кенорындардың өнеркәсіптік мәнін анықтау, барлау жұмыстарын жүргізуге лайық болатын нысананы геологиялық-экономикалық бағалау, өнеркәсіптік мәні жоқ кен білінімдерін жарамсыздар қатарына шығарып тастау үшін және нысананы игеру мүмкіндігін анықтайтын техникалық-экономикалық негіздемені құрастыру мақсатында жүргізіледі.

Іздеу–бағалау жұмыстарының негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

1) кенорынның негізгі геологиялық-құрылымдық ерекшеліктерін зерттеу және пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтарын анықтау; 2) кенорынның геологиялық-өнеркәсіптік типтерін және формациялық типтерін анықтау; 3) планда кенорынның алаңын шектемелеу (контурлау) және өнеркәсіптік кенденуді тереңдікке зерттеу; 4) кен денелерінің құрылымдық орнын, орналасу жағдайын, морфологиясын және ішкі құрылысын зерттеу; 5) кеннің технологиялық қасиеттерін және кенорындарды игерудің тау-кен-геологиялық жағдайын болжамдық бағалау; 6) қорларды есептеудегі бағалау кондицияларын анықтауға қажетті алғашқы деректерді алу және кенорынның болжамдық ресурстарын бағалау.

5/М.В.Ломоносовтың «көтерілім жорамалын» сипаттап беріңіз

Болашақгеотектоникағылымына жаңа леп әкелген белгілі орыс ғалымы М.В.Ломоносов болды. Геотектоника ғылымының тарихында«Көтерілім жорамалы»(«Гипотеза поднятия») деген атауды иеленген бұл идеялар жиынтығының ең негізгі жетістігі – Жер планетасының геологиялық даму процесіне ішкі (эндогендік) және сырт (экзогендік) күштердің екеуінің де айтарлықтай үлес қосатындығының тұңғыш рет мойындалуы. М.В.Ломоносов сөз болып отырған қағидаларын өзінің «Жер қабаттары туралы» («О слоях земных») деп аталатын әйгілі еңбегінде жариялады (1749). Ғалымтектоникалық қозғалыстардыңекі түрі болатындығын атап көрсетті, олар - өте қарқынды да тез өтетін қозғалыстар және баяу өрбитін қозғалыстар. Белгілі орыс ғалымының бұл тұжырымы сол заман үшін шын мәніндегі революциялық көзқарас болғандығы түсінікті, себебітектоникалық қозғалыстардыңосындай екі түрі шынында да болатындығы кейінгі зерттеулермен дәлелденді (орогендік,немесеқатпарлы қозғалыстар жәнеэпейорогендік,немесетербелмелі қозғалыстар).

М.В.Ломоносовтың аталған тұжырымдары XVII ғасырда кеңінен етек алған«апатшылар»(«катастрофисты») деп аталатын жалғанілімдік («псевдонаучное»)геотектоникалық жорамал жақтаушыларына ойсырата соққы берді. «Апатшылар» планета тарихындағы баяу қозғалыстарды мойындамайтын-ды, олар геологиялық процестер табиғатын планетамызда мезгіл-мезгіл болып тұратын апаттар нәтижесімен ғана түсіндіруге тырысқан жалғанілімдік ағым өкілдері болатын.




Возможно эти работы будут Вам интересны.

1. Магмалық кенорындардың жаралуы жағдайлары. Кенорындарының мысалдары

2. Пегматитті кенорындардың жаралуы жағдайлары

3. Карбонатитті кенорындардың жаралуы жағдайлары. Кенорындардың мысалдары