Карбонатитті кенорындардың жаралуы жағдайлары. Кенорындардың мысалдары
Работа добавлена: 2016-07-25





Билет №3

1.Карбонатитті кенорындардың жаралуы жағдайлары.Кенорындардың мысалдары.

Карбонатит деп эндогендік карбонат шоғырларын айтады, олар күрделі ультранегізді массивтер – сілтілі таужыныстар қалыптасуының ұзақ процесін аяқтайды. Карбонатиттер өте маңызды өнеркәсіптік мәнге ие. Олармен тантал, ниобий, сирекжерлердің негізгі ресурстары, титан, темір рудасы, флюорит, флогопит, апатит және т.б едәуір қоры байланысты.

Карбонатиттер дегеніміз эндогенді жолмен пайда болған карбонатты құрамды жыныстар. Құрамында 80-95% карбонаттар(кальцит, доломит сирек түрде анкерит пен сидерит). Ең көп тараған кальцитті карбонатиттер, сиректеу түрде доломитті өте сирек анкеритті мен сидеритті карбонатиттер кездеседі.

Карбонатиттерде аз мөлшерде силикатты минералдар(пироксен, сілтілі амфибол, флогопит) және акцессорлы минералдар кездеседі. Карбонатиттердің типоморфты минералдарына жататындар: флогопит, флюорит, бадделеит, пирохлор, гатчеттолит(уран қоспасы бар пирохлор), перовскит-кнопит, дизаналит, бастнезит, паризит, сирек жерлі элементтердің карбонаттары.

Сирек жерлі элементтердің, тантал, ниобий, темір, титан, апатит, флогопит, флюорит, карбонаттар шикізаты, сирек түрде мыс, қорғасын, мырыш кенорындары карбонатиттерде табылады.

Карбонатиттердің 80-90% шамасында карбонатиттерден құралады. Құрамында 150-ге таяу минералдар кездеседі. Олардың ішінде типоморфты болып табылатындар: флогопит, титаномагнетит, магнетит пен апатит және сирек кездесетін пирохлор, гатчеттолит(уран қоспасы бар пирохлор), бадделеит(цирконий диопсиді), перовскит(сирек жерлі элементтердің титанаты), монацит(сирек жерлі элементтердің фосфаты), сирек жерлі элементтердің карбонаттары(синезеит, паризит, бпстнезеит), халькопирит, борнит, молибденит, галенит, сфалерит, флюорит. Карбонатиттердің бітімдері шомбал, жолақты, түйірлі, иректі болып келеді. Оған себепші болатын ашық түсті карбонатты масса арасында түсті, акцессорлы минералдардың орналасу тәртібі. Құрылымдары түйіршікті. Түйіршіктердің өлшемдері соңғы сатыларына қарай ұсақтайды.

Карбонатитті кенорындар төмендегідей бөлінеді:

1) сирекметалды-сирекжерлі элементтердің кенорындары: гатчеттолит-пирохлорлы; бастнезит-паризит-монацитті; перовскит-титаномагнетитті. Осындай кенорындары: ниобийдің 90%, танталдың 10% дүниежүзілік қорын қамтиды;

2) апатит-магнетитті кенорындары(бадделеит қоспалары бар) – магнетит пен апатиттің қорларына қарағанда орташа, ал цирконийдің қорына қарағанда ірі кенорны қатарларына жатады;

3) түсті металдардың кенорындары(Cu, Mo, Pb, Zn) – қоры жағынан ұсақ, ірі кенорындар қатарларына жатады;

4) флогопит кенорындары – орташа мен ірі кенорындар қатарында;

5) флюорит кенорындары – ұсақ, орташа кенорындардың қатарында.

Кенорнында алғаш пайда болған кальцитті және соңында жаралған кальцит-доломитті, доломит-анкеритті карбонатиттер. Кальцитті карбонатиттер саты бойынша жаралған.

Бірінші сатыдағы карбонатиттер – ірі түйіршікті, кенсіз, құрамында авгит-диопсид, форстерит, флогопит, биотиттер бар болып келеді. Бітімдері шомбал, жолақты. Олар карбонатиттердің шет жақтарын құрайды және массивтің силикатты жыныстары арасында, қоршаған жыныстары желілі денелер түрінде кездеседі.

Екінші сатыдағы карбонатиттер – ірі және орташа түйіршікті, құрамында диопсид, форстерит, флогопит, магнетит және апатит қоспалары бар болып келеді. Бітімдері дақтылы-жолақты, пегматоидты. Бірінші сатыдағы карбонатиттердің арасында, олардың силикатты жыныстармен түйіскен жапсарларында орын алып доға тәрізді және сақиналы белдеулерді құрайды. Барлық тантал-ниобий, ниобий кенді шоғырлары екінші сатыдағы карбонатиттермен байланысты. Осы карбонатиттерге пирохлор, гатчеттолит, бадделеит, циркелит кенді минералдары тән.

Өнеркәсіпті кенорындарының басты типтері мыналар:

1) Кола түбегіндегі(Ковдор), Африка, Канада, Бразилиядағы апатит-магнетиті карбонатиттік кенорындар; темір рудасының қоры жүздеген млн т-ға жетеді, темірдің мөлшері 20-70%; апатиттің қоры да масштабы бойынша осыған жуық, өлшері – 15 %;

2) флогопитті карбонатиттер, олар темір-магнийлі және сілтілі таужыныстардың жапсарында жарылып, слюдалардың ірі белдемдерінен, әркелкі сепкілдікті флогопит желілері мен желішелерінен тұрады; слюданың сапасы төмен, оның мөлшері әр ондаған және жүздеген кг-нан тұтас слюда массаларына дейін(Ковдор).

Карбонатиттермен сондай-ақ сирек металдар мен сирекжер элементтердің кенорындары байланысты(АҚШ, Канада, Бразилия, Африка

2.Жер қойнауын пайдалану құқығының түрлерімазмұны.

1. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізу:

      1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;

      2) барлау;

      3) өндіру;

      4) бірлескен барлау мен өндіру;

      5) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін беріледі.

      2. Жер қойнауын пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтемді немесе өтеусіз болуы мүмкін.

      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың барлық қалған түрлері уақытша және өтемді жер қойнауын пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

- Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізудің ең тиімді әдістері мен технологияларды таңдауға;

- Контракт аумағын тек қана Лицензия мен Контрактыда көзделген мақсаттарға пайдалануға:

- егер Лицензияда басқа мерзім көрсетілмесе, Лицензия алған күннен бастап екі жыл ішінде Барлау немесе Өндіру жұмыстарын жүргізуді бастауға;

- ол жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізуге;

- қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

- жұмыстарды жүргізуде Республика аумағында шығарылатын отандық жабдықтар мен материалдарды кеңінен және жеңілдікпен пайдалануын;

- жергілікті мамандардың жұмыс істеуіне ерекше көңіл бөлуге;

- салықтарды және өзге міндетті төлемдерді уақытылы төлеуге;

- мәдени- тарихи маңызды нысаналарды сақтауға;

- жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу әсерінен бүлінген жер учаскілеріне және басқа табиғи объектілерді заңдарға сәйкес оны әрі қарай пайдалануға жарамды қалыпқа келтіруге міндетті.

3.Пайдалы қазбалардың сапасының көрсеткіштері.

Пайдалы қазбаның сапасы оның химиялық, физикалық және техникалық қасиеттеріне байланысты болады. Кендердің сапасы олардың заттық құрамымен (минералдық және химиялық) анықталады және пайдалы компоненттің (элементтердің немесе пайдалы минералдардың) мөлшерімен сипатталады. Зиянды қоспалар кейбір кендердің сапасын бағалауға біршама ықпал етеді. Темір және марганец кендері үшін зиянды қоспаларға күкірт және фосфор жатады, ал алтын кендері үшін – мышьяк, боксит кендері үшін күкірт және кремнезем зиянды қоспа болып келеді. Кендер бай, қатардағы және кедей кендер деп бөлінеді.

4.Кенорынның өнеркәсіптік маңызын көрсететін факторлар.

Пайдалы қазба кенорындарының өнеркәсіптік құндылығы келесі критерийлер арқылы анықталады: 1) пайдалы қазбаның санымен (қорымен); 2) пайдалы қазбаның сапасымен;3) кендердің технологиялық қасиеттерімен; 4)кенорындарды игерудің тау-кен геологиялық жағдайларымен; 5) кенорындардың географиялық-экономикалық жағдайымен.

           Өнеркәсіптік кенорындардың масштабтары пайдалы қазбалардың қорларымен анықталады. Қорларының мөлшеріне байланыстытеңдесі жоқ, ірі, орта және ұсақ кенорындар бөлінеді. Кенорындардың масштабтарына барлау мен өңдеудің тиімділігі байланысты болады.Теңдесі жоқкенорындар әлемде бірлі–жарым болып келеді.Ірі кенорындар барланған қорларда және пайдалы қазбаларды өндіруде басты өнеркәсіптік маңызға ие болады.Орта және ұсақ кенорындар таукен өндіруші кәсіпорындарының минералдық – шикізаттық базасының ахуалына елеулі ықпал ете алмайды.

Пайдалы қазбаның сапасы оның химиялық, физикалық және техникалық қасиеттеріне байланысты болады.Кендердің сапасы олардың заттық құрамымен (минералдық және химиялық) анықталады және пайдалы компоненттің (элементтердің немесе пайдалы минералдардың) мөлшерімен сипатталады

       Кендердің технологиялық қасиеттері пайдалы компоненттерді алу мақсатында оларды өңдеудің экономикалық пайдалылығын және мүмкіндігін анықтайды. Кендерді өңдеудің технологиялық схемалары кендердің минералдық құрамына, пішіндеріне, өлшемдеріне және кенді минералдардың тұтасу ерекшелігіне, пайдалы компоненттермен зиянды қоспалардың мөлшеріне, олардың минералды түрлерге бөлінуіне  байланысты болады. Оңай байытылатын кедей кендер, қиын байытылатын кендерге қараған үлкен экономикалық нәтиже беруі мүмкін.

Кенорындарды игерудің таукен-геологиялық жағдайлары оны өңдеу  әдістерінің экономикалық тиімділігін және мүмкіндігін анықтайды.Пайдалы қазба кенорындарын игеру кезінде пайдалы қазбаның қоры және кенорын ауқымында қорлардың шоғырлануы, кен денелерінің пішіндері және орналасу жағдайлары, өлшемдері мен саны,кенорындардың гидрогшеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайлары үлкен маңызға ие болады. Кенорындарды игеруге кедергі келтіретін және арнайы шараларды жүргізуді қажет ететін факторларға кенорындардың сулылығы және газдылығы, карсттың дамуы және т.б. жатады.

Кенорындардың географиялық-экономикалық жағдайы оларды өнеркәсіптік игерудің экономикалық тиімділігіне және мүмкіндігіне біршама  ықпалын тигізеді.

5.Астоносфера мен литосфера арасындағы изостазиялық тепе-теңдіктің сақталу заңдылығының мән мағынасын түсіндіріңіз. Бұл екі қатқабаттың өзара астасу табиғаты «изостатикалық тепе-теңдіктің сақталу» заңдылығына бағынады.Изостазия(грек.статис– тепе-теңдік) дегенімізлитосферамассасыныңастеносферабетінде ұдайы «қалқып тұруы», сөйтіп үнемі гидростатикалық тепе-теңдікті сақтау жағдайы. Екінші сөзбен айтқанда, изостазиялық тепе-теңдік заңдылығына сәйкес,литосфераныңәр түрлі аймақтары өздерінің массасына, яки салмағына (қалыңдығына) орай ұдайы жоғары-төмен қозғалып тұруға мәжбүр. Қатты таужыныстардан тұратын, салыстырмалы түрде алғанда біршама жеңіл (тығыздығы төмен)литосфераныңішінара балқымалы күйдегі, бірақлитосфератаужынстарына қарағанда тығыздау заттардан тұратынастеносфераменөзара қарым-қатынас сипаты айсбергтердің (кезбемұздардың) су бетінде ұдайы қалқып жүру заңдылығына саяды («қатты» мұздың тығыздығы шамамен 0,9г/см3, ал сұйық судың тығыздығы 1г/см3);айсберг (кезбемұз) неғұрлым көлемді, яки салмақты болса, ол солғұрлым су түбіне қарай сұғына түспек, яғни оның бүкіл болмысы төмен қарай қозғалмақ, ал осы мұз кесегі өз массасын бірте-бірте азайтқан жағдайда (мәселен, оның еруі нәтижесінде) оның суға бату деңгейі де жоғары қарай көтерілуге мәжбүр.

   «Изостазия» терминінің келтірілген түсініктемесінен шығатын қорытынды біреу, ол –литосфераменастеносфера қатқабаттарының бір-бірімен жапсарлдасу жазықтығы үнемі теп-тегіс (горизонталь бағытталған) болмайтындығы, яғни бұл жапсар планетаның әр түрлі аймақтарында әр түрлі тереңдіктерде орналасатындығы.




Возможно эти работы будут Вам интересны.

1. Магмалық кенорындардың жаралуы жағдайлары. Кенорындарының мысалдары

2. Пегматитті кенорындардың жаралуы жағдайлары

3. Плутоногенді гидротермалды кенорындарының жаралу жағдайлары